2026 жылғы 25 қыркүйекте аудан әкімі Айбек Купеновтың қатысуымен Байғанин аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Марғұлан Сержанұлы төрағалық етті.
👥 Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық кеңестің төрағалары, сондай-ақ мекемелер мен бөлімдердің басшылары қатысты.
Алқалы жиын Маңғыстау облысында әскери қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
📋 Сессияның күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
1️⃣ Аудан әкімі Айбек Купеновтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
2️⃣ «2026–2028 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №330 шешімге өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
💬 Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылады. Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1299610?lang=kk