Байғанин ауданында ауқымды сенбілік өтті

Байғанин ауданында ауқымды сенбілік өтті

🔹Бүгін ауданымыздың барлық 9 ауылдық округінде тазалық пен абаттандыру бағытында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

🔹Туған жердің тазалығына бейжай қарамайтын аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ортақ іске бір кісідей жұмылды. Сенбілікке жалпы 1011 адам қатысып, тазалық жұмыстарына 27 арнайы техника тартылды.

🔹Сенбілік барысында елді мекендердің белгіленген аумақтары қоқыстан тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

🔹Сонымен қатар, ауданымызды көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 107 түп жас ағаш көшеті отырғызылды.

🔹Тазалық – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Ауданымыздың көркеюі мен тазалығы әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

🔹Ортақ іске белсене атсалысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша аудан тұрғындарына алғыс білдіреміз!

🌱Таза аудан – ортақ мақтанышымыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1299589?lang=kk