Зияткерлік меншік

Зияткерлік меншік

2026 жылғы 26 қыркүйекте «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы облыстың 11 ауданын, сондай-ақ Қостанай және Рудный қалаларын қамтыған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жәрмеңке қатысушыларына сапалы өнімді жасап қана қоймай, оны қорғаудың да маңызды екені түсіндірілді. Кәсіпкерлерге тауар таңбалары мен географиялық нұсқауларды тіркеудің қажеттілігі, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау тәсілдері туралы айтылды.
Кәсіпкерлерге зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы негізгі мәліметтер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылып, оларды қызықтырған мәселелер бойынша жеке консультациялар берілді.
Зияткерлік меншік — заманауи бизнестің маңызды активі. Өз ісіңізді сенімді дамыту үшін идеяларыңызды, брендтеріңізді және өнімдеріңізді қорғаңыз!

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1299527?lang=kk