ТАЗА ҚАЛА – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН БАСТАЛАДЫ

ТАЗА ҚАЛА – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН БАСТАЛАДЫ

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында қоғамдық тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және абаттандыру талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында күнделікті «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, қала көшелері мен жол бойларында тазалық талаптарының сақталуына ерекше назар аударуда. Сонымен қатар заманауи техникалық құралдардың мүмкіндіктері пайдаланылып, дронның көмегімен жол қозғалысына және қала аумағындағы қоғамдық тәртіпке бақылау жүргізілуде.

Атап айтқанда, көлік салонынан жол жиегіне, көшеге немесе өзге де қоғамдық орындарға қоқыс тастау фактілерін анықтау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарға, көшелер мен аулаларға коммуналдық және тұрмыстық қалдықтарды тастамау, белгіленген тазалық талаптарын сақтау қажеттігі ескертілуде.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1299520?lang=kk