Инвестициялық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары аясында Шортанды ауданының прокуроры мен әкімі ірі кәсіпорындар – «Aeronix Astana» ЖШС, «Бозайғыр» ЖШС және «NS-ALUA» ЖШС өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізді.
Кәсіпорындарға бару барысында олардың қызметімен, инвестициялық жобалардың ағымдағы жай-күйімен және одан әрі даму перспективаларымен танысты.
Кәсіпорын басшыларымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың өзекті мәселелері, орын алып отырған проблемалық мәселелер және оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.
Әкімшілік кедергілерді уақтылы жоюға, мемлекеттік және бақылаушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне негізсіз араласуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Кәсіпорын өкілдеріне олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген тетіктері, сондай-ақ проблемалық мәселелер туындаған жағдайда прокуратура органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін сақтау Шортанды ауданы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы