АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНУДА

АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНУДА
 
Сарыағаш ауданында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
 
Осыған байланысты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар елді мекенінде салынып жатқан балалар ойын және спорт алаңшаларының құрылыс жұмыстарын аралап, нысандардың қазіргі жағдайымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажеттігін атап өтіп, орнатылатын барлық жабдықтардың сапасы мен беріктігіне мән бере отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
 
Қазіргі таңда Ақжар елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңының құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын «TAT HOLDING» ЖШС жүргізуде.
 
Жоба аясында балалар ойын алаңдарына сырғанақтар, әткеншектер және түрлі ойын элементтері, ал спорттық аймақтарға жаттығу құрылғылары мен шағын футбол алаңдары орнатылуда. Сонымен қатар аумақтарды кешкі уақытта қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретін жарықтандыру жүйелері қарастырылған.
 
Аталған нысандардың іске қосылуы Ақжар елді мекеніндегі балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және тұрғындарға қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1299488?lang=kk