Бұланды ауданының прокуратурасы оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Бұланды ауданының прокуратурасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Макинск қаласының мектеп-лицейінде 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысын өткізді.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен оларды тұтынудың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ата-аналарға балалардың араласатын ортасын, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белсенділігін бақылаудың, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде назар аударудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерді Интернет арқылы құқыққа қайшы әрекеттерге тарту тәуекелдері талқыланды.

Аудан аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларын ескере отырып, балалардың жолдағы қауіпсіздігіне, жол қозғалысы қағидаларын сақтауға және ата-ана бақылауын күшейтуге жеке назар аударылды.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналардың, педагогтердің және құқық қорғау органдарының тұрақты өзара іс-қимылын талап ететінін атап өтті. Осы бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1299470?lang=kk