«Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізілді

«Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізілді

2026 жылғы 23 қыркүйекте Өскемен қаласының жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» көшесінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының, «Әділет» партиясының, құқық қорғау органдарының және заң қоғамдастығының өкілдерімен бірлесіп, «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.

Акция барысында азаматтарға, оның ішінде ауылдық елді мекендерден келген тұрғындарға Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру, мұраны рәсімдеу, алимент өндіру, тұрғын үй қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сот сараптамасын тағайындау және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мәселелері бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді.

Сонымен қатар азаматтарға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, дербес деректерді қорғау шаралары және құқық бұзушылық орын алған жағдайда уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1299465?lang=kk