Әлеуметтік - экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 8 815,0  млн. теңге, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,4  % құрады.

   Ағымдағы жылдың  қаңтар- маусым айларында барлық арналар арқылы 2 988,09 млн. теңгенің тауарлары саудаланған, тауар айналымының нақты көлем индексі  102,9 % құрады.

     Есепті кезең аралығында 523,5 млн. теңгенің тұтастай өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім 166,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде 134,6 млн. теңгенің  тамақ өнімдері өндірілген.

   2026 жылдың қаңтар- маусым айларында өндірілген ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4 800,0  млн теңгені құрады,нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 % .

   Есепті мерзім аралығында  1 141 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 %.

   Ауданда қаңтар- маусым айлары аралығында 1 347,5 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде  атқарылған құрылыс  жұмыстарының 103,9 % құрайды.

   2026 жылдың 1- шілдесіне белсенді шағын және орта кәсіпкерлерлік субъектілерінің  саны 1 103  бірлікті құрады, оның ішінде  заңды тұлғалар саны 114 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 344, шаруа қожалықтарының саны 645 бірлікті құраған.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1299432?lang=kk