Аудандағы құрылыс жұмыстарының ауқымы, негізгі капиталға тартылған инвестициялар, пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер туралы.

Үлкен Нарын ауданында 2026 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 1 950,0 млн .теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді, нақты көлем индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде  атқарылған құрылыс  жұмыстарының 155,4  % құрайды.

   Ағымдағы жылдың қаңтар- шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9 819,1 млн. теңгені құрады, инвестициялардың нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,4 % құрады.

   Биылғы жылы ауданда 1 323 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, 2025  жылдың сәйкес кезеңінде 1868 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген ,немесе  нақты көлем индексі 100,8 % құрады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1299431?lang=kk