Пресс релиз Ақмола облысының өкілдері «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумында мемлекеттік наградалармен марапатталды

Пресс релиз  Ақмола облысының өкілдері «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумында мемлекеттік наградалармен марапатталды

Астанада Еңбек күніне орайластырылған «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қатысты.

Форум аясында жұмысшы мамандықтарының өкілдерін ұлықтау, мемлекеттік наградалар тапсыру, сондай-ақ «Еңбек жолы» республикалық байқауының қорытындысын шығару рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің экономикасын дамытуға және еңбек әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Марапатталғандардың қатарында көптеген жылдар бойы адал еңбек етіп, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға үлес қосқан Ақмола облысының өкілдері де бар.

«Құрмет» орденімен:

Башкиров Константин Валериевич — «Степногорск подшипник зауыты» АҚ станогшысы (Степногорск қаласы). Жалпы еңбек өтілі — 43 жыл;

Кусаинов Оралбай Айтпаевич — «Семізбай-U» ЖШС «Семізбай» кенішінің слесарі (Ақмола облысы, Біржан сал ауданы). Еңбек өтілі — 33 жыл.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Султанов Есен Кабылкалыкович — «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы «Атбасар электровоз жөндеу зауытының» токарі (Атбасар қаласы). Жалпы еңбек өтілі — 40 жыл.

Жоғары мемлекеттік наградалар еңбекке деген жауапкершіліктің, көп жылғы кәсіби еңбектің және қызметкерлердің кәсіпорындар мен ел экономикасын дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1299241?lang=kk