2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15-00-де болатын Ақтоғай аудандық мәслихаттың 58 сессиясына Хабарлама

 

ХАБАРЛАМА

         2026 жылғы 29  қыркүйекте Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының үлкен мәжіліс залында сағат 15–00-де VIІІ шақырылған аудандық   мәслихаттың кезекті LVІІІ (58) сессиясы шақырылады.

         Сессияның Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Мүткенов ауылдық округ әкімінің есебі.

Баяндамашы: Мүткенов ауылдық округ әкімі – Абылшаиықов Айбек Қанағатұлы.

  1. Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінін 2026-2027 жылдарға арналған қысқы жылыту маусымына  дайындық жұмысы туралы есебі.

Баяндамашы: «Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-ің басшысы міндетін атқарушысы – Секенов Самат Балкенұлы.

  1. «Ақтоғай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» КММ-мен «Кең Дала» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы туралы есебі.

Баяндамашы:  Ақтоғай  аудандық  кәсіпкерлік  және  ауыл  шаруашылық

бөлімінің басшысы – Жылкибаев Нұрсұлтан Қалтайұлы.   

  1. Ақтоғай ауданындық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 262/49 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Неғметолла Қолғанат Ерланұлы. 

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы»          № 234/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.                                                    

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы» №245/43  шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

Баяндамашы: Жолболды ауылдық округінің әкімі – Аралов Еламан Ертісұлы.                                                    

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы» №241/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Қараоба ауылдық округінің әкімі – Кетиков Ризабек Рыспекұлы.                                                   

  1. Әртүрлі мәселелер.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-aktogay/press/news/details/1299237?lang=kk