Ұлытау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарына тексеру жүргізді.

Ұлытау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында газ шығару жүйесіне өзгеріс енгізіп, шамадан тыс қатты дыбыс шығаратын көліктер анықталды. Аталған жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды сақтап, жол қозғалысының өзге қатысушыларына қолайсыздық туғызатын заңсыз өзгерістерге жол бермеу қажеттігін ескертеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1298714?lang=kk