Биологиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі семинар

Биологиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі семинар

Мәскеуде биологиялық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне арналған семинар өтуде. Оған мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Семинар барысында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жетілдірудің заманауи тәсілдері, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, зертханалық инфрақұрылымды жетілдіру және биологиялық қатерлерге дайындықты арттыру мәселелері талқылануда.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін, оның ішінде мемлекеттік бақылау, биологиялық тәуекелдерді мониторингтеу, зертханалық қызметтің қауіпсіздігі және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін таныстырды.

Биотехнологиялар, геномдық технологиялар және жасанды интеллектінің дамуымен байланысты жаңа сын-қатерлерге, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Қазақстанның іс-шараға қатысуы елдің биологиялық қауіпсіздікті нығайту және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының көрінісі болып табылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1298406?lang=kk