Білім беру ұйымдарындағы тексерулер: сапа мен заңдылық басты назарда

Білім беру ұйымдарындағы тексерулер: сапа мен заңдылық басты назарда

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Искаковтың төрағалығымен аумақтық басқарма басшылары мен мамандарына арналған онлайн-семинар өтті:

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

📌 Білім беру объектілеріндегі жоспарлы тексерулерді сапалы ұйымдастыру мен жүргізу;
📌 Тексеру нәтижелері бойынша нысанның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына толық сипаттама беру;
📌 Тексеру актілерін талапқа сай дұрыс ресімдеу;
📌 Жекеше ұсынуларды енгізу тәртібі мен оларды қолдану тетіктері.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, бақылау-қадағалау шараларының тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Балаларымыздың қауіпсіз әрі таза ортада білім алуы — басты назарымызда!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1298396?lang=kk