Есіл аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!
Қаралым: 15
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15.00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына сұрақтар енгізіледі:
«Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.
Есіл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С-40/4 «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 8С-37/4 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы және басқалар.