2026 жылғы 24 қыркүйекте Түркістан облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиын барысында әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру, азаматтардың жолданымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу және есепке алу, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1298347?lang=kk