Бүгін, 24 қыркүйек күні Ақтауда коммуналдық қызмет өкілдері таң сәрімен орталық автомобиль жолдарын арнайы техникамен жуып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Санитарлық шараға 2 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда таң сәрімен орталық жолдар арнайы техникамен жуылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1298301?lang=kk