Павлодар облысында 60 жас полиция қызметкері ант қабылдады

Павлодар облысында 60 жас полиция қызметкері ант қабылдады

Павлодар облысы Полиция департаментінде жас полицейлер мен олардың тәлімгерлерінің жыл сайынғы слеті өтті.

Слеттің ашылуы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің Обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Обелиск алдында әріптестері, тәлімгерлері мен қызметтестері қатысқан салтанатты жағдайда 60 жас қызметкер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант қабылдады.

Жас мамандарды айтулы оқиғамен құттықтаған Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орумбаев полиция қызметкерінің басты міндеті – мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғау, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Слет аясында қатысушылар Достық үйіне барып, онда отставкадағы полиция полковнигі Ерғанат Дюсекенов жас полицейлерге ақжолтай тілегін айтып, қызметтік жолда бағыт-бағдар берді.

Жас әріптестерге облыстық полиция ведомствосының бөлімше басшылары мен ардагерлері де өздерінің ақыл-кеңестері мен ізгі тілектерін жеткізді.

Одан әрі Ертіс өзенінде суға батып бара жатқан қызды құтқарған қаһарман Елдос Қойкенмен кездесу өтті.

Жас қызметкерлерді патриотизмге және қызметтік борышқа адалдыққа тәрбиелеу мақсатында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестердің рухына арналған «Навсегда в наших сердцах» деректі фильмі көрсетілді.

Сондай-ақ слетке қатысушылар Павлодар облысы Полиция департаментінің Тарих және жауынгерлік даңқ музейіне барып, құқық қорғау органдарының қалыптасу және даму тарихымен танысты.

Экскурсия Жедел басқару орталығында жалғасты. Үлкен экраннан жас мамандарға қалалық бейнебақылау жүйесі көрсетіліп, заманауи технологиялардың өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қалай мүмкіндік беретіні таныстырылды.

Ведомство бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырып, тәлімгерлік дәстүрлерін нығайтуға, кәсібилік, патриотизм және жоғары моральдық қағидаттар негізінде құқықтық тәртіпті қорғаушылардың жаңа буынын қалыптастыруға ниетті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1298283?lang=kk