Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қонақ үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында қонақ үйлердің әкімшілігі мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерін бөгемеу, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, қонақтарға өрт немесе басқа да төтенше жағдай орын алған кезде сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындау және 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керектігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД