Еңбек күні құтты болсын!
Еліміздің дамуына, қоғамның әл-ауқатын арттыруға және жарқын болашақтың қалыптасуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!
Еңбек — бұл тек кәсіби жетістік қана емес, сонымен қатар жауапкершілік, шеберлік, өз ісіне адалдық және адамдарға деген қамқорлық.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер тілейміз!
Әр еңбегіңіз лайықты бағаланып, әрбір жаңа күн сенімге, шабытқа және жарқын жетістіктерге толы болсын!
Құрметпен, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұжымы!