2026 жылғы 22 қыркүйекте Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында салықтық сауаттылықты арттыру және салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері бойынша жедел түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және кәсіпкерлер қауымдастығы қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен мәселелер бойынша, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша толық түсіндірмелер берілді:
▫️ корпоративтік табыс салығына (КТС) қатысты өзгерістер;
▫️ жеке табыс салығы (ЖТС) мәселелері;
▫️ камералдық бақылау жүргізу және хабарламаларды орындау тәртібі;
▫️ электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру ерекшеліктері;
▫️ салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары;
▫️ бизнес өкілдерінің қызмет барысында туындайтын басқа да өзекті мәселелер.
Салық заңнамасы нормаларын қолданудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Бизнес өкілдері енгізілген өзгерістермен танысып қана қоймай, нақты жағдайларға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын мамандарға қоюға мүмкіндік алды.
Ашық диалог барысында қатысушылар қойылған сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен жауаптар алды. Қосымша зерделеуді және пысықтауды қажет ететін жекелеген мәселелер Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тарапынан жұмысқа алынды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында сындарлы диалог қалыптастыруға, проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық сауаттылықты арттыру, салық төлеушілерді ақпараттандыру және бизнес өкілдерімен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
БИЗНЕС-ҚОҒАМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1298047?lang=kk