Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу: ағымдағы жылдың қазан - қараша айларына жоспарланған.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: am.turikpenbaeva@dsm.gov.kz, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

         Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1298002?lang=kk