Үздік газ-түтіннен қорғау буыны анықталды

Үздік газ-түтіннен қорғау буыны анықталды

Қызылорда гарнизонында газ-түтіннен қорғау буындарының шеберлігі сараланды.

Байқаудың мақсаты – қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын жетілдіру және үздіктерді анықтау. Сайыста қатысушылардың командалық жұмысы, өзара іс-қимылы, тапсырмаларды бірлесіп орындау жылдамдығы мен үйлесімділігі бағаланды.

Қорытындылай келе, командалық есеп нәтижелері бойынша үздік үштік анықталды:

  • Қызылорда қаласының №7 ӨСБ – 1 орын
  • Шиелі ауданының №13 ӨСБ – 2 орын
  • Сырдария ауданының № 12 ӨСБ – 3 орынды иеленді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1297890?lang=kk