Павлодарда полиция қала тұрғындарына профилактикалық акция өткізді

Павлодарда полиция қала тұрғындарына профилактикалық акция өткізді

     Павлодарда "102-111-150 ҚАУІПСІЗДІК КОДЫ" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері "Заң мен Тәртіп" идеологемасының амбассадоры Жәмилә Бұламбаевамен, еріктілермен және отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп қала тұрғындары үшін профилактикалық іс-шара өткізді.

     Іс-шара барысында азаматтарға шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері мен түрлі өмірлік жағдайларда әрекет ету алгоритмдері көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды.

- "Қайда жүгіну керек?" атты әлеуметтік экспериментке ерекше назар аударылды. Қатысушыларға құқық бұзушылықтар, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, қауіпсіздікке төнген қатерлер кезінде, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік көмек қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы сұрақтар қойылды, – деді Павлодар облысы ПД отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпова.

     Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтарды көмек пен өз құқықтарын қорғаудың қолжетімді тәсілдері туралы ақпараттандырудың маңыздылығын көрсетті. 

     Қауіпсіздік – хабардар болудан басталады! Есте сақтаңыз: 102 – полиция, 111 – отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы, 150 – отбасын қолдау орталығы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1297862?lang=kk