Медициналық ұйымдардың кадрлық құрамы толықтырылуда

Медициналық ұйымдардың кадрлық құрамы толықтырылуда
Медициналық ұйымдардың кадрлық құрамы толықтырылуда
Қазіргі таңда өңір бойынша 100 дәрігерге қажеттілік қалыптасқан. Оның 60-ы ауылдық жерлерге тиесілі. Әсіресе, жалпы практика дәрігері, педиатр, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, радиолог секілді мамандарға сұраныс жоғары.
Кадр тапшылығын азайту үшін өңірде медициналық мамандарды даярлау және жас дәрігерлерді жұмысқа тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жергілікті бюджет есебінен 73 студент «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алса, резидентураға 226 грант бөлінген.
Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында Жамбыл облысына 287 медицина маманы бөлінді. Оның 173-і ауылдық елді мекендерге, 259-ы мемлекеттік медициналық ұйымдарға бағытталды.
Қазірдің өзінде 50 маман өңірге келіп, оның 31-і интернатура, 19-ы резидентура түлектері ретінде жұмысқа орналасқан. Жыл соңына дейін тағы 40 дәрігердің келуі күтілуде.
Кадрмен қамту мәселесі алдағы жылдары да кезең-кезеңімен шешіле бермек. Негізгі басымдықтардың бірі – ауылдық жерлерді қажетті дәрігерлермен қамтамасыз етіп, медициналық көмектің қолжетімділігін тұрақты сақтау

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1297762?lang=kk