АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ОЛЬГА ШМЕЛЁВА МЕН ТАТЬЯНА ТОКАРНИЦКАЯ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Байдарка мен каноэде ескек есуден ХХ Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Әйелдер арасында байдаркамен 500 метрге жұптасып ескек есуде Ольга Шмелёва мен Татьяна Токарницкая 2-орын алды. Қазақ спортшылары финалда қашықтықты 1 минут, 48.140 секундта бағындырды.

Бұл сында Қытай спортшылары топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан өкілдері түйіндеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm;sport/press/news/details/1297761?lang=kk