Қызылорда облысы прокуратурасыныңұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясынілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау жәнеспортты дамыту мақсатында, сондай-ақ прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орайоблыс прокурорының кубогына арналған мини-футбол және үстел теннисінен спорттық турнир өткізілді.
Аталған спорттық іс-шараға құқық қорғау, арнаулы және мемлекеттік органдардыңқызметкерлері қатысып, спорттың екі түрінен өзарабақ сынады.
Турнир барысында қатысушылар жоғарыспорттық шеберліктерін көрсетіп, командалықұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін танытты. Мини-футболдан өткен ойындар тартысты жағдайдаөтіп, командалар жеңіске жету үшін бар күш-жігерінжұмсады. Ал үстел теннисінен өткен жарыстақатысушылар шапшаңдық, дәлдік және ептіліктанытты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтижекөрсеткен командалар мен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Мұндай іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаттарын кеңінен насихаттауға, азаматтардыңспортқа деген қызығушылығын арттыруға, сондай-аққұқық қорғау органдары арасындағы өзараынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.