«Назар аударыңыздар, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында балалардың жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ювеналды полиция инспекторы М. Қуаныш 1–2 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға жол қозғалысы ережелері мен көшедегі қауіпсіз мінез-құлық талаптарын түсіндірді.
Оқушыларға жолды кесіп өткенде мұқият болу, бағдаршам сигналдарын сақтау және жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден кесіп өтпеу қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері сондай-ақ ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне үнемі назар аударуы керектігін атап өтті.