Қарақияда полицейлер «Отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі» шарасын өткізді

Қарақияда полицейлер «Отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі» шарасын өткізді

2026 жылғы 21 қыркүйекте Қарақия ауданының Құрық ауылындағы №6 жалпы білім беретін мектепте марафонға қатысқан спортшы оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері оқушыларға отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану жолдары, құқықтық сауаттылық және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің алдын алу, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қарақия ауданының полиция бөлімі отбасындағы өзара сыйластық, құрмет пен қамқорлық қоғамның берік негізі екенін еске салады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1297065?lang=kk