МЕКТЕП – АТА-АНА – БАЛА: БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

МЕКТЕП – АТА-АНА – БАЛА: БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

     Ата-аналар тартылысы орталығының (АПҚО) жұмысы аясында мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты – мектеп, ата-ана және бала арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты ортақ жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптастыру. Жиналыс барысында баланың психологиялық ахуалы, мектеп пен отбасындағы қолайлы орта қалыптастыру, цифрлық сауаттылық, гаджеттерді тиімді пайдалану және ата-аналық бақылау, сондай-ақ балаға жауапкершілікпен қарау және өзара сенімге негізделген дұрыс қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыс орнатып, баланың жан-жақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірлескен жұмыстың маңыздылығы түсіндірілді.

Бала болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Мектеп пен ата-ана бірлесе әрекет еткенде ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1296992?lang=kk