Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында танымдық квиз өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, қызметтік әдеп және қызметтегі мінез-құлық талаптары бойынша білімін тексеру.
Квиз барысында қатысушыларға аталған бағыттар бойынша түрлі сұрақтар қойылып, қызметкерлер өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауға бағытталды.
@elgeqyzmet.gov.kz
#МҚІА
#АДГС
#сыбайласжемқорлыққажолжоқ
#елгеқызмет