Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаласының15-қосымша сәйкес Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі жасақталған. Олар:
онкологиялық аурулар, туберкулез, цереброваскулярлы аурулар (айқын, өте айқын жағдайлар), психикалық аурулар, Лериш синдромы, аяқ-бастарының кесілуі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі 5 саты, қан аурулары, даун синдромы, балалардағы 1 типті қант диабеты, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, ауыр сатыдағы бауыр циррозы, 5 сатыдағы паркинсон ауруы, қант диабетінен кейін пайда болған асқынулар, яғни ампутациялар, Туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар (аяқтың болмауы немесе ампутациясы сияқты, омыртқа жарақаттарының салдарынан жұлынның толық анатомиялық үзілісі, Трансплантациясынан кейінгі жағдай (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі) МӘС-ке алғаш рет жолдаған кезде, Балалардағы мукополисахаридоз, лепра, Церебралды сал ауруларының айқын түрлері, нақты гидроцефалия шунт қойылғаннан кейінгі жағдайлар сияқты ауру түрлері сырттай куәландыруға жатады.