Газ-түтіннен қорғаушылар өз шеберліктерін арттыруда

Газ-түтіннен қорғаушылар өз шеберліктерін арттыруда

Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы жылу-түтін камерасында кезекті практикалық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында өрт сөндірушілер жоғары температура, түтін және шектеулі көріну жағдайындағы іс-қимылдарды пысықтап, тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен жұмыс істеу және буын құрамында әрекет ету дағдыларын жетілдірді. Мұндай тұрақты жаттығулар өрт сөндірушілердің кәсіби дайындығын арттырып, төтенше жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1296640?lang=kk