СЭБД бөлім басшысы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

СЭБД бөлім басшысы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

СЭБД бөлім басшысы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күніне орай санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және адал еңбегі үшін Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Абдрахманова Құралай Теміртасовна «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты Департамент басшысы Батырбек Алиев табыстап, Құралай Теміртасованы кәсіби мерекесімен құттықтап, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан еңбегі үшін алғысын білдірді.

Марапатты табыстау кезінде Департамент басшысы Құралай Теміртасоваға зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметінде толағай табыс тілеп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолындағы жауапты еңбегіне жоғары баға берді.

«Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі – маманның кәсіби біліктілігіне, көп жылғы еңбегіне және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесіне берілген лайықты марапат.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1296245?lang=kk