Жыл басынан бері елде 600-ден астам түрлі экологиялық іс-шара өтті
«Осы маңызды жұмысқа 7 миллион адам қатысып, 130 мыңнан астам гектар жер тазартылды. Елімізде 1,3 миллион тал егілді. Мұның бәрі аз шаруа емес, шын мәнінде көп жұмыс істеліп жатыр. Бұл – азаматтарымыздың Отанымызға деген таза ниеті, шынайы қамқорлығы және ең бастысы, еңбекқорлығы», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында.