Бүгін, 19 қыркүйек күні Ақтау қаласында республикалық «Дала дәмі» акциясы аясында жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары ұсынылуда.
– Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – «егістіктен дастарханға» қағидатын жүзеге асыру. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, өндірушілерден тікелей халыққа ұсыну. Іс-шара бүгін басталды және жыл соңына дейін жалғасады, – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев.
«Дала дәмі» республикалық акциясы Ақтау қаласының 36-шағын ауданындағы «Көтерме сауда тарату» орталығының аумағында өтуде.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда «Дала дәмі» республикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1295940?lang=kk