ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨГАЛДАНДЫРУ – ОРТАҚ ІC

ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨГАЛДАНДЫРУ – ОРТАҚ ІC

19 қыркүйекте, Байғанин ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті.

🔹Сенбілікке аудан әкімі Айбек Купенов, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, еңбек ұжымдары және ауыл тұрғындары қатысты.

🔹Іс-шара барысында елді мекен аумақтары тазаланып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілді. Саябақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, орман шаруашылығынан әкелінген жабық тамыр жүйесіндегі ағаш көшеттері отырғызылды.

🔹Аудан әкімі Айбек Купенов те сенбілікке қатысып, ағаш отырғызды.

— «Тазалық – бәрімізге ортақ. Мемлекет басшысы айтқандай, «Таза Қазақстан» әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Туған жерімізді таза ұстап, көркейтуге әрқайсымыз үлес қосайық», – деді аудан әкімі.

🔹Бүгінгі сенбілікке аудан бойынша 1 013 адам қатысып, 27 бірлік техника жұмылдырылды.

🔹Тазалық пен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Таза аудан – ортақ жауапкершілік!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1295911?lang=kk