«World Cleanup Day» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

«World Cleanup Day» экологиялық акциясы ұйымдастырылды
Қоршаған ортаның тазалығы – туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі.
 
Акцияға округтің мекеме-кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері қатысып, алдын ала бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – елді мекен аумағын қоқыстан тазарту, санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty-dolina/press/news/details/1295768?lang=kk