Департамент басшысының төрағалығымен апта сайынғы жұмыс кеңесі өткізілді.

Департамент басшысының төрағалығымен апта сайынғы жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы қызметі мен атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралып, сондай-ақ алдағы аптаға арналған негізгі міндеттер мен басым жұмыс бағыттары айқындалды.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, адалдық, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ белгіленген қызметтік әдеп нормаларын ұстану қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлер айқындалып, қаралған бағыттар бойынша тиісті міндеттер белгіленді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1295767?lang=kk