«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында Өскемен қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке «Дала дәмі» акциясы аясында өтуде.
Қала тұрғындары мен қонақтарына Алтай ауданынан жеткізілген жаңа әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылуда. Жәрмеңкеге жалпы көлемі 11 тоннаға жуық өнім әкелінді. Оның ішінде еттің әр түрі, тұздалған ет, көкөністер және басқа да азық-түлік өнімдері бар.
Өнімдер тұтынушыларға қолжетімді бағамен ұсынылуда. Тауарлардың тікелей өндірушілерден делдалсыз сатылуы тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Жәрмеңке қала тұрғындары үшін жергілікті жерде өндірілетін өнімдерді сатып алуға, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін өз өнімдерін таныстырып, өткізу нарығын кеңейтуге жақсы мүмкіндік болып отыр.
«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында Өскемен қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке «Дала дәмі» акциясы аясында өтуде
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-nikolskii/press/news/details/1295759?lang=kk