18.09.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаменті Ұлытау облысы прокуратурасының @ulytau_obl_prokuratura бастамасын қолдап, «Табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық челленджін өткізді.
Челлендж аясында департамент қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірге өрік дәнектерін жинап, оларды арнайы жерге екті. Осылайша, қоқысқа тасталуы мүмкін болған өрік дәнектеріне «екінші мүмкіндік» беріліп, болашақта көктеп, жасыл желекке айналуына алғашқы қадам жасалды.
Іс-шараға оқушылардың қатысуы олардың табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және туған өлкені көгалдандыру ісіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Табиғатты қорғау – үлкен істерден ғана емес, осындай қарапайым әрі игі қадамдардан басталады.
18.09.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаменті Ұлытау облысы прокуратурасының @ulytau_obl_prokuratura бастамасын қолдап, «Табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық челленджін өткізді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1295758?lang=kk