Қауіпсіздік – басты назарда!

Қауіпсіздік – басты назарда!

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №27 Диқан орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік талаптары және терезеден құлаудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған кезде 101 - өрт сөндіру қызметіне, 112 - бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласу қажеттігі айтылды. Құтқарушылар балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сақтық танытып, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Қауіптің алдын алу - әрқайсымыздың міндетіміз!

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1295752?lang=kk