КАЗТАЛОВ ҰСТАЗДАРЫ – «ЕВРОПА–АЗИЯ – 2026» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

КАЗТАЛОВ ҰСТАЗДАРЫ – «ЕВРОПА–АЗИЯ – 2026» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы «Европа–Азия – 2026» республикалық туристік фестивалі ұстаздардың туристік шеберлігі мен командалық рухын тағы бір мәрте айқын көрсетті.
Ауқымды додаға Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» педагогтары қатысып, бірнеше спорттық және шығармашылық бағытта жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Байлам» қашықтығы, ерлер жұбы арасында Малаев Ербол және Тлепқали Аманер;
🥈 ІІ орын – түнгі бағдарлау, ерлер арасында Қуаныш Ақжан;
🥈 ІІ орын – дойбыдан әйелдер арасында Хафизова Ботагөз;
🥈 ІІ орын – техникалық қашықтық бойынша Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы;
🥈 ІІ орын – волейбол жарысында Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы;
🥉 ІІІ орын – «Бард әндері» байқауында Қыдырғалиев Бауыржан;
🥉 ІІІ орын – «Байлам» қашықтығы, аралас жұп арасында Қуаныш Ақжан және Бисемалиева Мерей;
🥉 ІІІ орын – дойбыдан ерлер арасында Сарсенғалиев Тимур.
💪 Әр кезеңде өзара қолдау мен ұйымшылдық танытып, тәжірибелері мен шеберліктерін ортаға салған педагогтар ауданымыздың намысын абыроймен қорғады.
🎉 Жеңіске жеткен барша ұстаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1295636?lang=kk