Атырау қаласы Мәслихатының кезекті XLI(41)-ші сессиясы өтті

Атырау қаласы Мәслихатының кезекті XLI(41)-ші сессиясы өтті
         Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Ақылбек Құлбарахов төрағалық еткен кезекті сессия отырысы өтті.
Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов, қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, тұрақты комиссияларда алдын ала қаралған 8 мәселе жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Атырау қаласы Мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №197 «2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Атырау қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы; Атырау қаласы бойынша 2026 – 2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатының тиімді игерілуі, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-city/press/news/details/1295605?lang=kk