Қонаев қаласындағы «Каусар» лицей-интернатының оқушыларына ақпараттық-түсіндіру дәріс
Қаралым: 7
Алматы облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қонаев қаласындағы «Каусар» лицей-интернатының оқушыларына ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғам өмірінде заңдарды сақтаудың маңызы түсіндірілді. «Заң мен тәртіп» қағидатына, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.