Атырау қалалық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы аясында «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғам – бақытты отбасы» тақырыбында қалалық форум өтті. Аталған іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы институтын нығайту.
Іс-шара барысында отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы, қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
«ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295479?lang=kk