Павлодарда алғаш рет Қазақстанның түрлі қалаларынан және басқа елдерден келген қатысушылар мен қонақтарды біріктірген LowKzMeet ауқымды автофестивалі өтті.
Фестиваль аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері өз денсаулығына, қаржылық қауіпсіздігіне және болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыра отырып, ашық және қолжетімді форматта профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.