Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 20 қыркүйекте өткен Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2026 жылғы 21 қыркүйекте Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің әкімі ретінде
1975 жылы туған, «ШҚО Самар ауданы Сарыбел ауылдық округі аппаратының әкімдігі» ММ әкімі, Сарыбел ауылының тұрғыны Аслан Тлеуұлы Жапаркуловты тіркеді.
Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы