🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 10 қыркүйекте Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Ж. Салькеева Әділет департаментінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
🔹Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес әкімшілік істерді қарау мәселелеріне арналды. Семинар барысында әкімшілік процестің негізгі кезеңдерінің бірі — тыңдау рәсіміне ерекше назар аударылды.
🔹Өз сөзінде М.Ж. Салькеева процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, дәлелдер мен уәждерді ұсыну тәртібі, сондай-ақ заңды және негізделген әкімшілік актіні қабылдауда тыңдау рәсімінің маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, сот төрелігінің сапасын қамтамасыз ету және соттың белсенді рөлін сақтау мақсатында құжаттарды дайындау кезінде жиі кездесетін қателіктер мен оларды барынша азайту жолдары талқыланды.
🔹Семинарға қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіндегі күрделі тұстарды талқылап, бұл әкімшілік істерді қарау кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
оқыту семинары
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1295243?lang=kk